Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде мамырдан бастап әуе билеттері арзандайды

Елімізде мамырдан бастап әуе билеттері арзандайды

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz –FlyArystan әуе билеттерінің құны «Эйр Астанаға» қарағанда екі есе арзан болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа FlyArystan әуе компаниясы осы жылдың мамыр айында рейстерді бастайды.

«Бұл «Эйр Астана» әуекомпаниясының құрамына кіретін компания. 2019 жылы "Эйрбас-320" төрт борты жаңа авиакомпанияда іске қосылады деп күтілуде. Ал, басты айырмашылығы билеттердің құны «Эйр Астана» әуекомпаниясынан екі есе төмен болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Қасымбек алғашқы жылы авиакомпания кем дегенде 1 миллион жолаушы тасмалдауы тиіс екенін атап өтті.

«Алдағы уақытта FlyArystan паркі төрт жыл бойы 15 ұшақты құрайтын болады деп күтілуде. Бұл мүлдем жаңа борттар болады. Әрине, қызмет көрсету деңгейі басқаша болады - төмен бюджеттік компаниялар, яғни лоукостерлер қызметтердің белгілі бір тізбесін ұсынады, қалғаны қосымша ақы үшін», - деп түйіндеді Қасымбек.



Похожие материалы