Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жасалған шарттардың саны артты, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында сомасы 800 млрд теңгеден асатын 300-ден аса шарт жасалды. 162 млрд теңгеге 263 нысан іске қосылды, 128-інің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл жобалардың құны 700 млрд теңгеден асады.
Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары негізінен әлеуметтік оның ішінде денсаулық сақтау саласын қамтиды.