Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың маусымында құрылыс саласындағы баға 0,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың маусымында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 0,7%, машиналар мен жабдықтарға – 3,2%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 2,7% өсті, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 0,3% төмендеді.
Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 0,5%-ды құрады.
2019 жылғы алты айда мұнай жол битумдарының бағасы 4,7%, қыш тақтайшалар мен тақталардың – 4,5%, цементтің – 3,4%, шағылдың – 2,3%, құмның – 1,3%, қиыршықтастың – 1% өсті. Ал, әк пен ғаныш 5,9%, бояулар мен эмальдар – 4,2%, құрылыс ертінділері – 2,9%, лактар – 1,3% арзандады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024