Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қазанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға артты.
Ағымдағы жылдың қазанында тіркелген тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27 279 құрады және өткен аймен салыстырғанда 8,9% -ға өсті.
Астанада ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында мәмілелер саны 6%-ға, Алматыда – 9,8%-ға өсті.