Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Халықтың тұзға қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда өндіріліп жатқан тұздың үштен бірі жеткілікті, ал қалғаны экспортқа шығарылады, - деп хабарлайды energyprom.kz.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда 173,1 мың тонна тұз өндірілді. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 11,7% артық.
Тұз өндірісінің 98,8%-ы (үш тоқсанда 170,9 мың тонна) Қызылорда облысының үлесіне тура келеді. Еліміздің тұз алыбы «Аралтұз» АҚ та осында орналасқан.
Еске сала кетейік, Қызылорда облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес, индустрияландыру бағдарламасы аясында «Аралтұз» кәсіпорнында испан технологиясы негізінде тұз өндіретін екі цех іске қосылған болатын. Бұл еңбек өнімділігін екі есе арттырып, 1200 адамды жұмыспен қамтуға жағдай жасады.
Қазақстанда тұз аз мөлшерде импортталады. Отандық өнеркәсіп 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сұраныстың 90%-дан астамын қамтамасыз еткен.
Бұдан тыс, қазақстандық компаниялар тұз экспортын жыл сайын 22,8%, 114,3 мың тоннаға дейін арттырып келеді.
Қызылорда облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Ринат Сұлтангереевтің айтуынша, «Аралтұз» АҚ қазақстандықтардың сұраныстарын қамтумен қатар, Ресей тұз нарығының 12%-ына иелік етіп отыр. Бұдан тыс, былтыр Әзербайжанға экспорттау басталды, алдағы уақытта өнімді Қытайға шығару жайы қарастырылып жатыр.
Еліміздегі тұздың бағасында да тұрақтылық байқалады. 2018 жылдың қазанында тұз бағасы былтырғымен салыстырғанда небәрі 1,8% өскен.
Ең қымбат тұз Астана (килограмына 59 тг) және Алматы (57) қалаларында сатылады. Бағаның өсуі Қостанайда айтарлықтай байқалған (жылына +7,7%). Қазір ондағы тұздың килограмы 56 теңге жеткен. Ал Оралда, керісінше, тұз 7% арзандап, 43 теңге болып отыр.
Ақтау, Ақтөбе, Талдықорғанда тұз бағасы былтырдан бері өзгермеген.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024