Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 54,7 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 51,5 млрд кВт/сағ тұтынылған.Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын шығару небәрі 1,15% немесе 629,5 млн кВт/сағ құраған. Алайда, бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 15,6% артық.
«Жасыл» көздерден болған электр өндірісі көбіне шағын гидроэлектр станциярларының үлесінде тұр. Бұл – 373,7 млн кВт/сағ. Жел электр станциялары 200 млн кВт/сағ көрсеткішімен тіркелсе, күн электр станциялары 55,8 млн кВ/сағ, биоэлектр станциялары 20 мың кВт/сағ өндірген.
Сондай-ақ, Тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы дәстүрлі энергия бағасы баламалы энергиядан әлдеқайда төмен екенін айтуда. Мысалы, егер көмір секторында электр энергиясының бағасы 7-8 теңге болса, күн электр энергиясы 34 теңге, жел электр энергиясы 22 теңге тұрады.
Елдегі энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерінің құрылысына инвесторларды тарту арқылы Қазақстанда баламалы энергия көздерінен алынған электрдің тіркелген тарифтері әлдеқайда төмендетілгенін алға тартып отыр.
Сонымен бірге, баламалы энергияның елдегі энергия теңгеріміндегі үлесі 2020 жылы – 3%, 2030 жылы – 30%, 2050 жылы – 50% жетеді деген жоспар құрып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024