Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде жол апаты азайды

Елімізде жол апаты азайды

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-наурызда 4203 адам зардап шеккен 2850 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 6,5%-ға азайған. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

2019 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 220788 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға көп. Ал, 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3693,3 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 6,9 млрд теңге сомасына 18178 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Похожие материалы