Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Ағымдағы жылғы 9 айда 15879 адам зардап шеккен 11106 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 9,7%-ға азайған, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 15,5 млрд теңге сомасына 42 487 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.
Айта кетейік, Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 696 842 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70,5% көп. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3987,1 мыңды құраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024