Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі банк секторының жиынтық активтері 2,6%-ға азайды

Еліміздегі банк секторының жиынтық активтері 2,6%-ға азайды

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 сәуірде банк секторының жиынтық активтері 24 577,4 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,5%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,9% тиесілі.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 122,8 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,6%-ын құрады.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2 341,4 млрд теңге немесе несие портфелінің 17,9%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 21 516,9 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап азаю 3,2%) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,4%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,2%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,7%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,2%-дан 6,4%-ға дейін (1 309,5 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы наурызда 1,3%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 060,5 млрд теңгені құрады.

Таза шығын (ағымдағы шығыстардың ағымдағы кірістерден асып кетуі) 50,3 млрд теңгені құрады. Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,0% және 3,9% болды.

Похожие материалы