Қазақстан отандық нарықтың ет және сүт өнімдеріне деген жалпы мұқтаждығының 45%-ын Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен және үшінші елдерден импорттайды деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).
"Азық-түлік тауарлары нарығындағы бәсекелестік жағдайына жүргізілген зерттеудің бастапқы нәтижелері Қазақстанда қант өндіруге арналған меншікті шикізаттың ағымдағы тапшылығы 95% екендігін, ал ЕАЭО және үшінші елдерден болатын ет және сүт өнімдерінің, күнбағыс майының импорты 45% асатындығын көрсетті", - деп айтылған Астанада бейсенбі күні ЕАЭО мен Қазақстанның монопрлияға қарсы заңнамасына қатысты өтіп жатқан форум барысында таратылған ЕЭК ақпаратында.
Комиссия сарапшыларының пікірінше, мұндай жағдай бәсеклестікке қарсы келісімдердің жасалуына және бәсекелестік ережелерінің бұзылуына мүмкіндік туғызуы мүмкін.
Осыған байланысты, ЕЭК-те ішкі нарықты қорғауға және отандық бизнесті қолдауға бағытталған бәсекелестік турасындағы үлгілік заңның норамаларын имплементациялау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
ЕЭК деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы "Бәсекелестік туралы" үлгілік заң нормаларының 79%-ы имплементацияланған. Беларусь заңнамасында заң нормаларының 60%-ы имплементацияға ұшыраған, Ресейде - 94%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024