Теңгенің құнсызданып, халықтың таза табысы азайғаннан кейін, жаңа үйлер да арзандап жатыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдай құрылысшылар қолжетімді баспана салмайынша жалғасады. Оның үстіне, 2017 жылдың ортасына дейін жаңа үйлердің бағасы – 25 пайызға, ескі үйлердің құны 40 пайызға арзандауы мүмкін.
Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2017 жылдың наурызында бірінші нарықтағы үйлердің бағасы өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызға, бірнеше рет сатылған баспананың құны 0,1 пайызға арзандаған. Бірақ соңғы бірнеше жылды қарасақ, 2009 жылдан бері жаңа үйлердің бағасы 10 пайызға өскенін, бірақ 2016 жылы қайтадан 3,6 пайызға түскенін көреміз.
Маманның айтуынша, бұл тенденция халықтың төлем қабілетін нашарлатқан, әсіресе үй сатып алуға мүмкіндігі бар адамдарды азайтқан девальвацияға байланысты болып отыр. Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының (ҚЖМФ) президенті Ермек Мүсірепов 2017 жылдың басынан бері жаңа үйлердің бағасы арзандап келе жатқанын айтады. Оның пайымдауынша, Қазақстанның баспана нарығындағы жағдай Ресей Федерациясында 2015-2016 жылдары болған үрдіске ұқсас. Ол кезде Ресейде үйлердің бағасы 10-15 пайызға арзандаған.
«Қазір Ресейдегі жаңа үйлердің бағасы 40 пайызға дейін арзандады. Екі ел экономикасы біріктіріп тұрған одақ бар. Сондықтан онда болып жатқан үрдіс біздің елге де әсер етеді. Дегенмен, баспана бағасы күрт арзандап кетеді деп айтуға болмайды, бірақ баға үйдің түріне байланысты 15-25 пайыз аралығында арзандауы әбден мүмкін», -
ҚЖМФ ақпараты бойынша, 2, 3 және 4-санаттағы жаңа үйлердің бір шаршы метрі 275 мың теңге тұрады.
«Екінші нарықтағы үйлерге қатысты да осындай жағдай. Олар қаланың ортасында болғандықтан, тіпті қымбат. Ал бұл халыққа қолжетімсіз. Сондықтан сауда азайды. Осының әсерінен үйлердің бағасы 25-35 пайызға дейін арзандап жатыр. Оның айтуынша, 2, 3 және 4-санаттағы ескі үйлердің бір шаршы метрі 155 мыңға түсті», - дейді Ермек Мүсірепов. Оның айтуынша, мұндай үрдіске 2015-2016 жылдары теңгенің құнсыздануы мен үйлердің бағасын ұлттық валютада есептей бастау себеп болған.
«Бұл жылы баспана бағасы 2016 жылмен салыстырғанда тезірек төмендеп жатыр», - дейді ол.
Сарапшы жаңа пәтер салатын компаниялар өздерінің «тәбетін тыйып», халыққа қолжетімді бағада баспана салмаса, сауда да жүрмейтінін, халық та керек етпейтінін айтады. «Аумақтар мен моноқалаларда арзандау баспана салуды назарға алу керек. Олар тек Алматы мен Астанаға емес, мемлекеттік бағдарламалар арқылы инфрақұрылымды жақсарту үшін шеткі аумақтарға үй салуы керек», - дейді маман.
Баға төмендеуі қазір де байқалып жатыр. Мысалы, 2017 жылдың басынан бері Астана қаласынада баға 0,2 пайызға түсіп, шаршы метрдің орташа бағасы 332,9 мың теңге болса, Алматыда 1,3 пайыз арзандап, 345,5 мың теңге болды. Ал Шымкенттегі арзандау деңгейі 0,7 пайызды құрап, 194,3 мың теңгеге тұрақтаған.
Осы жылғы ақпанның басында Homsters.kz сарапшысы Мария Рен де баспана бағасының арзандайтынын айтқан еді.
«2017 жылға арналған болжамымыз – қайталама нарықта баға 7-10 пайызға төмендейді. Біз бұл болжамды әлі де растаймыз, сондықтан ақпанда «ескі» баспана құнының 0,2-0,3 пайыз шамасында сәл-пәл төмендеуі тіркеледі деп күтеміз. Нарықтың жандануы, біздіңше, ақпанның екінші жартысында және наурызда болады, бірақ бұл аралықта да баға айтарлықтай төмендейді дей алмаймыз. Керісінше, нарыққа жан бітіп, сатып алушылардан сұраныс бола бастағанда, баға сол деңгейінде тұрақтала беруі мүмкін», – деген еді ол.
Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында екінші нарықтағы мүлік бағасы шаршы метріне 468 мың теңге болып, рекорд көреткішке жеткен еді. 2016 жылдың қаңтарында бірінші нарықта мүлік бағасы 362 мың теңге болды. Ал өткен жылы екінші нарықтағы баға 20 пайызға, бірінші нарықта 14 пайызға төмендеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024