Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 1 жылда елдегі тасымал көлемі 7%-ға артып, жүк айналымы 9%-ға өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.
Жүк тасымалының үштен бір бөлігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.
2018 жылғы қаңтар-шілдедегі жүк тасымалының көлемі 1 жыл ішінде 6,7%-ға көтеріліп, 2,2 млрд тоннаға жеткен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 3,6% деңгейінде болған.
Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-шілдесінде 333,6 млрд тонна-шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,4%-ға жоғары. 2017 жылдың сәйкес мерзімінде жылдық өсім деңгейі 7,6%-ды құраған.
2017 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы өңірлерінің арасында тасымал көлемі тек Павлодар облысында қысқарған. Ал, Қарағанды облысы көлемі жөнінен көш бастап тұр. Өңірдегі тасымал көлемі 431,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7%-ға жоғары. Қазақстан бойынша үлесі сол қалпы, өзгеріссіз - 19,5%.
Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысы тұр. 1 жыл ішінде тасымал көлемі 9,4%-ға өсіп, 324,5 млн тоннан құраған. Қазақстан бойныша үлесі 14,3%-дан 14,7%-ға көтерілген.
Қостанай облысы бойынша 1 жыл ішіндегі тасымал көлемі 3,2%-ға артып, 161,8 млн тоннаны құрады. ҚР үлесі 7,6%-дан 7,3%-ға қысқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024