Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың I жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібі 5,2%-ға өсті, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Индустрияландыру басталған уақыттан бері барлығы 6 трн 600 млрд теңге болатын 1048 жоба іске қосылып, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы жалпы сомасы 850 млрд теңге болатын 123 жобаны іске қосуды жоспарланып отыр. Онда 14 мың тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады.
«Осы жылдың I жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібі 5,2% өсті. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің экспорты 11% артып, 15 млрд 600 млн АҚШ долларын құрады. Биылғы жылдың қайтар-ақпанында бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1% артып, 2,5 млрд АҚШ долларына жетті. Еңбек өнімділігі 2017 жылы 4,4% артып, 31,4 мың АҚШ долларды құрады. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемі 3,8% артып, 956 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар-маусымындағы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% артып, 532 млрд долларды құрады», - деді министр.