Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан әуежайында ауа-райының қолайсыздығынан 32 рейс кешіктірілді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 32 рейс кешіктіріліп отыр. 17 рейстің ұшып келуі әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен кешіктіліп жатыр: Air Astana авиакомпаниясының тоғыз рейсі (оның ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу және Киев қалаларына халықаралық рейстер), Qazaq Air авиакомпаниясының екі рейсі Алматы мен Қостанайға, Fly Arystan авиакомпаниясының Павлодар мен Қостанайға үш рейсі, SCAT авиакомпаниясының Улан-Батор, Алматы және Ақтөбе қаласына үш рейсі және LOT Polish авиакомпаниясының Варшаваға бір рейсі", - деді әуежайдың баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов.
Сонымен қатар, оның сөзінше, ұшып шығуы керек 15 рейс жоғарыда көрсетілген себептер бойынша әзірге тоқтап тұр: Air Astana әуекомпаниясының жеті рейсі (оның ішінде Ташкент мен Мәскеуге халықаралық рейстер, Qazaq Air әуекомпаниясының Ақтөбе мен Қостанайға екі рейсі, Fly Arystan әуекомпаниясының екі рейсі, LOT Polish әуекомпаниясының Варшаваға, Lufthansa-ның Франкфуртқа, Turkish Airlines-тың Ыстамбұлға және SCAT-тың Алматыға бір рейсінен.
Айта кетейік, елордалық әуежайдағы желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен.
"Желдің қатты екпінінен (секундына 15 метрден және одан жоғары) әуе кемелерін ұшудың қауіпсіздігі мақсатында мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істейді", - деді әуежай өкілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024