Елорда тұрғындары тұрғын үй бағдарламалары көмегімен белсенді түрде пәтер сатып алуда
Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Сбербанктің Нұр-Сұлтан қаласы филиалы 2019 жылғы 1-ші жарты жылдықта 2 200 астам заемшыны 22,6 млрд теңге сомасына қаржыландырды, олар банктің 50-ден астам бизнес-серіктестерінен пәтер сатып алды. Өткен жылы астана тұрғындары 18 млрд теңгеден астам сомаға 1 843 баспана сатып алған.
Бұл ретте, Сбербанк Қазақстан клиенттерге өз ипотекалық өнімдерін де, «Баспана Хит» және «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында да заемдар ұсынады.
Банк ұсынатын «Стандарт» ипотекалық бағдарламасы бойынша астананың 280 тұрғыны жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге заемдар рәсімдеп, пәтер иегерлері атанды. «Баспана Хит» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы банк қыметкерлерімен 11 миллиард теңгеден астам сомаға 1 144 кредит берілген.
Жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасы бойынша мақұлданған кредиттер сомасы шамамен 9,2 млрд теңгені құрады. Бүгінге дейін 777 қазақстандық астанада жоғарыда аталған бағдарлама бойынша пәтер сатып алды.
«Сбербанк Қазақстанның ипотека нарығындағы аса ірі қатысушыларының бірі болып табылады. Біз клиенттерге өзіміздің кредиттік тұрғын үй заемдарымызды да ұсынамыз, «Баспана» АҚ мемлекеттік ипотекалық ұйымымен де тығыз жұмыс жасаймыз. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында біз жеңілдік бағдарламалары бойынша өтініштердің үлкен ауқымын қарадық, соның арқасында көптеген қала тұрғындары жеке пәтерлерінің кілттерін қолға алып үлгерді.
Сонымен қатар, еліміздің астанасында пәтер сатып алуды қалайтын потенциалды клиенттің шамалас келбеті қалыптасты деуге болады. Заемшылардың орташа жасы – 32 жыл, орташа жалақысы – 273 мың теңге, ең оңтайлы заем сомасы – 12,4 млн. теңге, заемшының орташа жұмыс өтілі – 3,7 жыл», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Николай Суганяка.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024