Елордада кәмелетке толмаған балаға азғындық жасаған автобус жүргізушісі сотталды
Астана. 3 қараша. 7kun.kz – Астанада кәмелетке толмаған баланы зорлады деген автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот 3 қарашада үкім шығарды.
«А., №1 автопарктің жүргізушісі бола тұра, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, автобус салонында кәмелетке толмаған жәбірленуші К-ны зорлаған.
А-ның кінәсі сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмаған жәбірленуші К.-ның тұрақты айғақтарымен, соттағы айғақтармен дәлелденген; жәбірленушінің өтірік айтуға және қиялдауға бейім еместігін көрсететін сарапшы психиатр-психологтардың қорытындысы; К.-ның заңды өкілінің айғақтары; сараптамалар қорытындысы, куәмен ұялы телефон арқылы хат алмасу, куәлардың айғақтары», – делінген хабарламада.
Күдіктіге ҚК 120-бабы 3-1 бөлігі 1-тармағы бойынша – кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өтейді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024