
Нұр-Сұлтан. 5 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Журналистер одан қалаға «Астана» атауы қандай жағдайда қайтарылатынын сұрады.
«Мен бұған әлі ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Тағы да айтамын, әзірге ешқандай негіз жоқ», - деді Тоғжанов.
Вице-премьер елорда күнін тойлауды кейінге шегертуге де қатысты пікір білдірді. Қазір аталған мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.
«Біз бір адамның туған күнін емес, елорда күнін тойлаймыз. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күні аталып өтілсе, алдағы уақытта да тойланатын болады. Бізде көптеген шаралар жоспарланған. Олар іс жүзінде 1 шілдеден бастап жоспарлы режимде өтуде. Домбыра күні мен «Қазақстан Барысы - 2022» елорда күніне арналып ұйымдастырылды. 1 шілде мен 8 шілде аралығындағы барлық іс-шаралар елорда күні аясында өткізілуде», - деді Тоғжанов.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025