Астана. 28 қазан. 7kun.kz – Сарыарқа ауданының №2 соты экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Елжан Біртанов бес жыл, Олжас Әбішевтің төрт жылға бас бостандығынан шектелді және екеуі де мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот Біртановты санавиацияға қатысты эпизод бойынша ақтады. Алайда өкілеттігін асыра пайдаланған деп шешті.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтық арызы жартылай қанағаттандарылды.
Біртанов пен Әбішев 1 миллиард 350 миллион 123 мың теңгенінің материалдық шығынын өтеп беруге міндеттелді.
Айта кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын. Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке «Ericsson Nicola Tesla» компаниясының қызметін қолдану кезінде «лауазымдық өкілетін теріс пайдалану» арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деген айып тағылған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024