Экономика
Емтихандарын жақсы тапсырғанын білген студент қатты қуанғаннан қайтыс болды

Египет. 2 тамыз. 7kun.kz – Египеттік студент бітіру емтихандарын өте жақсы бағаға тапсырғанын білген соң жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлады Mirror.
Ата-анасының айтуынша, 22 жастағы студент Мубарак Хуссейн Сайед Абдель-Джалил Кенедегі South Valley университетінің ғылым факультетінде оқыған.
Жақында ол қорытынды емтихан бағалары жазылған конверт алған. Студент бағалары үшін қуанғаны сонша, нәтижелерді көргенде кеудесі ауырып, ауруханаға түскен. Кейін ол сонда қайтыс болды.
Дәрігерлер оған инфаркт диагнозын қойды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025