Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168,5 мың теңгені құрады, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Нақты жалақы индексі алдыңғы тоқсанда 94,2%-ды, ал өткен жылдың бірінші тоқсанында 105,2%-ды құрады.
Өңірлер арасында орташа айлық жалақы бойынша Атырау облысы көш бастап тұр: бір қызметкерге 322,7 мың теңге, ал нақты жалақы индексі өткен жылы 108,6%-ды құрады.
Екінші орында-Маңғыстау облысы: 287,9 мың теңге, алайда нақты жалақы индексі 97,1%-ды құрады (яғни, сатып алу қабілеті 2,9% - ға төмендеді). Көшбасшылар үштігін Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді: 233,5 мың тг. 2018 жылдың бірінші тоқсанында нақты жалақы индексі 98,9%-ды құрады (сонымен қатар жылдық динамикада сатып алу қабілетінің төмендеуі байқалады).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024