Алматы. 24 қараша. 7kun.kz – Kaspi.kz әлеуеметтік желідегі ресми парақшасында балаларға арналған Kaspi Gold картасын 6 жастан бастап ашуға болатыны туралы хабарлады.
«Енді сүйікті клиенттеріміз Балаға арналған Kaspi Gold картасын 6 жастан бастап аша алады!
Ата-ана өзінің Kaspi.kz қосымшасы арқылы күнделікті жұмсауға қажет ақшаны баланың картасына жылдам аудара алады. Ал бала сіздің мұқият бақылауыңызбен алғаш рет зат сатып ала алады
Ата-ананың бірі тура Kaspi.kz қосымшасында өзінің Kaspi Gold картасына қосымша карта ретінде балаға арналған Kaspi Gold картасын ресімдей алады, ал атаулы картаны жақын жердегі Kaspi Картоматтан 1 минутта ала алады», – деп хабарлады Kaspi.kz.
Айта кетейік, Kaspi Gold Қазақстандағы ең танымал әрі сұранысқа ие төлем картасы. Бұған дейін оны үлкендер және 10 жастан асқан балалар пайдалана алатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024