Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді банк қызметін пайдалану үшін "селфи" жасау міндеттеледі

Енді банк қызметін пайдалану үшін "селфи" жасау міндеттеледі

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz - Елімізде банк қызметін пайдалану үшін өз-өзіңді суретке түсіру міндеттеледі. Тек базадағы сурет пен селфи сәйкес келсе ғана, қаржы операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Сәйкестендірудің жаңа түрі тікелей селфимен байланысты. Енді банкте кез келген қаржы операциясын жүргізу үшін ПИН-код пен құпия сөзден бөлек, өз-өзіңді суретке түсіру міндетті болады. Бұл міндет орындалмаса, банкоматтан ақша алу немесе несие рәсімдеу мүмкін болмайды. Ал ол үшін алдымен қаржы ұйымының бөлімшесіне барып, төлқұжаттағы суретті базаға енгізу керек. Сол ресми сурет пен селфи сәйкес келсе ғана, банк қызметін әрі қарай қолдануға рұқсат.

Мұндай жүйені ресейлік банктер тәжірибе ретінде енгізіп үлгерген. Әрі ол сынақтан сүрінбей өтіпті. Сондықтан қаржы ұйымдары сурет арқылы сәйкестендіруді барлық бөлімшелерінде іске қосады.

"Жүйе тестілеуден сәтті өтті. Сондықтан, ол жыл соңына дейін ВТБ24-тің барлық бөлімшесінде жұмыс істейтін болады. Біз де сол банктің еншілесі болғандықтан, селфи сәйкестендіруді енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз", - дейді ВТБ (Қазақстан) банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Банкирлер міндетті сәйкестендіру Қазақстанда келесі жылдан бастап жұмыс істейді деп жоспарлап отыр. Мұның бәрі соңғы кездері қаптап кеткен хакерлерге қарсы тұру үшін қолға алынған.

"Жаңа жүйе тіпті егіз адамдарды бір-бірінен ажырата алады. Клиенттер селфиді сол сәтте жасауы керек. Алдын-ала түсірілген сурет жарамайды. Сәйкестендірудің бұл түрі алаяқтардың құйтырқы әрекетіне жол бермейді", - дейді «Сбербанк» АҚ еншілес банкі маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Олегжан Бекетаев.

Тек сарапшылар бұған үлкен күмәнмен қарап отыр. Олардың пікірінше, селфи сәйкестендіру кибералаяқтарға тиісті деңгейде төтеп бере алмайды.

Похожие материалы