Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді «Казпошта» бөлімшелерінде Хоум Кредит Банктің депозиттерін комиссиясыз толықтыруға болады

Енді «Казпошта» бөлімшелерінде Хоум Кредит Банктің депозиттерін комиссиясыз толықтыруға болады

Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін Астанада «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторы мен Қазақстандағы ритейл кредиттеу нарығы көшбасшыларының бірі «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ арасында өзара серіктестік туралы мәміле жасалды. Құжатқа Хоум Кредит Банктің Басқарма төрағасы Карел Горак пен Қазпоштаның Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов қол қойды.

Меморандум Хоум Кредит Банк клиенттеріне ұлттық пошта операторының Қазақстандағы кез-келген бөлімшесінде депозитті комиссиясыз толықтыруға мүмкіндік береді.

[caption id="attachment_99918" align="aligncenter" width="1758"] Фото: Хоум Кредит Банк баспасөз қызметі[/caption]

Карел Горак екі ірі ұйымның ұзақ жылдық серіктестік тарихындағы кезекті бастаманың табысты жоба боларына сенім білдірді.

[su_quote]«12 жылдық бірлескен жемісті жұмыстың нәтижесінде «Қазпошта» біздің маңызды стратегиялық серіктестімізге айналды. 2006 жылы ұлттық пошта операторының сату нүктелері арқылы қолма-қол кредит беру бағдарламасын іске қосып, еліміздің ең алыс елдімекендерінің тұрғындарын займмен қамтамасыз етуге мүмкіндік алдық. Енді бірге адамдарға қайда жүрсе де депозитті ешқандай комиссиясыз толытыруға мүмкіндік беріп отырмыз», - деді қол қою рәсімінде Горак мырза.[/su_quote]

Ұлттық пошта операторының өкілдері де жаңа қызметтің қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болатынына сенімді. Өйткені пайдалы әрі қолайлы.

[su_quote]«Біз бұл келісімнің серіктестік тарихымыздағы жаңа кезең болады деп сенеміз. Біздің мақсатымыз ортақ – клиенттердің өмір сүру сапасын арттыру. «Қазпошта» Қазақстанда ең көп филалдық желіге ие – қазіргі кезде бүкіл ел аумағында 3,5 мың бөлімшеміз бар. Олардың көмегімен банктің қаржылық өнімдері барлық қазақстандықтарға қолжетімді болады», - деп атап өтті Сәкен Сәрсенов.[/su_quote]

Айта кетейік «Хоум Кредит Банк» пен «Қазпошта» 12 жылдан бері серіктес және осы жылдар ішінде ауқымды көлемдегі бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Бұл екі ұйымға да сенімді серіктес имиджін қалыптастыра алды.

Мысалы, айта кетсек ай сайын «Қазпошта» сауда нүктелерінде Хоум Кредит Банктің 40 мыңнан астам кредиттік шарттары рәсімделеді. Қолма-қол кредиттеуден бөлек қазақстандықтар үшін үйге жеткізу қызметімен бірге тауарлық займдар да қолжетімді.

[caption id="attachment_99923" align="aligncenter" width="1758"] Фото: Хоум Кредит Банк баспасөз қызметі[/caption]

2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Хоум Кредит Банктің депозиттік базасы 123 млрд. теңгеден асады. Бұл қаржы институтының тұрақтылығын және қазақстандықтар арасында сенім артқанын көрсетеді.

«Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ – әлемдегі тұтынушылық кредит нарығы көшбасшыларының бірі «Хоум Кредит» халықаралық тобына кіреді. Ұйымның бас кеңсесі Чехияның астанасы Прага қаласныда орналасқан. Топ әлемнің 10 елінде, оның ішінде Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан, АҚШ пен Оңтсүтік-Шығыс Азия елдерінде қызмет ұсынады. Қазіргі кезде Топәлем бойынша 90 милнан астам клиентке қызмет көрсетеді. «Хоум Кредит Банк» АҚ ЕБ тек жеке тұлғаларға тек теңгеде ғана кредит ұсынады, бөлшек кредиттеуге маманданған. 2005 жылы қызметін жаңа бастап, 13 жылда банк клиенттерінің саны 3 млн адамды құрады. Клиенттердің 30%-дан астамы банкке 2 реттен көп қызметін пайдаланған. «Хоум Кредит» тобының Стратегиялық бағыты жауапкершілігі жоғары және қауіпсіз кредиттеу.

«Казпошта»АҚ – пошталық, қаржылық және логистикалық қызмет ұсынатын Қазақстан Республикасындағы пошта қызметінің операторы. «Казпошта»АҚ бүкіләлемдік пошта ұйымына және Posteurop Еуропалық пошта операторы қауымдастығына мүше, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйесінің міндетті мүшесі. Компанияның жалғыз акционері «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Похожие материалы