«Енді менің көмектесетін кезегім»: Елена Рыбакина «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан. 12 шілде. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінде тарихи жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшысы Елена Рыбакинаға ҚР Президентінің Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
«Барлық қазақстандықтар Сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, Сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін», – деді Смайылов.
Өз кезегінде Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.
«Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім. Бұл жағдайдың менің басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін», – деді Рыбакина.
Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.
«Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына менің көмектесетін кезегім», – деді Уимблдон жеңімпазы.
Сондай-ақ спортшы қаражаттың бір бөлігін жануарларға көмектесуге жұмсауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық Елена Рыбакина The Championships турнирінің шешуші кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024