
Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Бұдан былай Қазақстанда соңғы қоңырау мерекесі Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар 1 маусымда атап өтіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылғы жылдан бастап 31 мамыр оқу жылының соңғы күні болады. 31 мамыр – оқу күні, бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі», - деді Кәрімова.
1 маусым жазғы каникулдардың бірінші күні болып саналады.