Енді құтқарушыларға күрделі төтенше жағдайларды жойғаны үшін қосымша ақы төленеді
Астана. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстандағы құтқарушыларға күрделі төтенше жағдайларды жойғаны үшін қосымша ақы төленеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлеріміздің жалақысын көтеру туралы хат жолдадық, дәл сол жерде төтенше жағдайларды жою кезіндегі ерекше жұмыс қиындықтары үшін қосымша жәрдемақы қарастырылған. Сондықтан мұндай жұмыстар Қазақстан аумағында немесе одан тыс жерлерде жүргізілсе, құтқарушыларға қосымша ақы төленеді», –деді министр Сенат отырысында.
Қосымша төлем қызметкердің лауазымдық жалақысына байланысты болады.
«Сома лауазымдық жалақыға пайызбен беріледі. Біз қазір лауазымдық жалақының 20 пайызын алуға өтініш бердік. Егер біз лауазымдық жалақыны жоғарылататын болсақ, онда әрбір жұмыс күні үшін орташа есеппен (қосымша ақы) 30 мың теңгенің шегінде болады. Бірақ бұл ерекше қиын өрттер үшін», – деді Юрий Ильин.
Еске салайық, 15 қарашада келесі жылдан бастап Қазақстандағы өрт сөндірушілердің жалақысы 10-нан 70 пайызға дейін өсетіні хабарланды.