Қазақстанда 23 сәуірден бастап ЭЦҚ-ны (Электронды цифрлы қолтаңба) eGov.kz порталы арқылы қашықтан алу жеңілдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Егер компьютерде камера болмаса немесе камера жұмыс істемесе, Digital ID бейне тексеру қызметін пайдаланып, QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алуға болады. Ол үшін смартфонның камерасы болса жеткілікті.
Құжаттандыру саласындағы бұл мүмкіндік жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді болады.
«Жаңа қызметті пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR кодқа бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да.
Компанияда атап өткендей, QR-кодтың көмегімен бейне тексеруді әркім өз смартфонында өткізуі тиіс.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024