Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең әлсіз, бірақ ең әдемі ақша

Ең әлсіз, бірақ ең әдемі ақша
20 мың теңгелік банкнота халықаралық конкурста дизайнына қолданылған технология мен қорғанысы жағынан ең  үздік ақша атанды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 16 наурыз күні Бухаресте қаласында, Еуропалық конференция аясында болған. Мемлекеттік құжаттардың өндірісі, басып шығару, айналымға енгізуге арналған бұл шара жыл сайын өткізіледі. «Үздік банкнота» жүлдесі дизайн мен қорғанысы жағынан жоғары сапа көрсеткендерге беріледі. Сондай-ақ банкнотада мәдени мұра, ұлттық айшықта болуына мән береді. 20 мың теңгелік 2015 жылдың 1 желтоқсанында айналымға енгізілген болатын. Ұлттық банктің мәліметінше 20 мың теңге қазақстанда ғана емес әлемдік банкноталардың ішіндегі қорғаныс қабаты үздіктердің бірі.

Похожие материалы