Қазақстан бюджеті бақыланбайтын мигранттардың есебінен шығынға ұшырап жатыр. Бұл туралы Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
Оның сөзінше, жыл сайын Қазақстанда 300 мыңнан астам мигрант жұмыс істейді. «Нәтижесінде Қазақстаннан жыл сайын 5-7 млрд доллар көлемінде қолма-қол ақша және банктер мен өзге төлем жүйелері арқылы 1 млрд доллардан астам қаржы шығарылады. Бұл тұрғыда әлеуметтік тәуекелдерді жабу үшін салықтар мен өзге де аударымдар төленбейді»,- деді ол. Оның сөзіне қарағанда, көші-қонның тағы бір жағымсыз аспектісі адам саудасына байланысты болып отыр. Бұл үдеріс трансұлттық және трансшекаралық сипатқа те болуда және Алматы процесіне қатысушы елдері үшін тым өзекті тақырыпқа айналуда. «Халықаралық аспектіде адам саудасындағы құрбандардың басым бөлігін мигранттар құрайды. Халықаралық көші-қон ұйымының статистикасына сәйкес, барша әлемде мәжбүрлі еңбек арқылы түсетін заңсыз табыс 150 млрд АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды. 21 миллионға жуық адам мәжбүрлі еңбектің құрсауында, оның ішінде 1 миллионнан астам бала әлемдегі адам саудасының құрбандарына айналуда. Шамамен қазіргі заманғы әлемде әрбір жетінші адам мигрант болып табылады», - дейді Б. Нұрымбетов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024