Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Еуропалық комиссия Еуроодаққа қауіп төндіруі мүмкін елдердің тізімін жариялады. Қара тізімге ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы елеулі кемшіліктер байқалатын 23 мемлекет пен аумақ енгізілген, - деп хабарлайды Еурокомиссияның баспасөз қызметі. Бұл туралы DW жазады.
Тізім ақшаны жылыстатумен күресуді реттейтін Бесінші Еуропалық Директивасының өлшемдерін ескере отырып жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жасалды. Оған Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Ирак, Сирия, Ливия, Сауд Арабиясы, Тунис, Йемен, Солтүстік Корея, Багам аралдары, Құрама Штаттардың Виржин аралдары, Панама, Эфиопия, Гана және Нигерия кіреді.
«Біз ақшаны жылыстатудың алдын алу бойынша әлемдегі ең қатаң стандарттарды орнаттық, бірақ біздің қаржы жүйесіне басқа елдерден заңсыз табыс түспейтініне көз жеткізуіміз керек», - деп мәлімдеді Əділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Вера Юрова.
Еурокомиссия мақұлдаған тізім Еуропалық Парламентке және ЕО кеңесіне берілді, олар құжатты бір ай ішінде мақұлдайды деп күтілуде. Осыдан кейін тізім мен тиісті өкім ЕО Ресми журналында жарияланады және 20 күннен кейін күшіне енеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024