Экономика
ЕО уақытынан бұрын ресейлік санкцияларды ұзарту туралы шешім қабылдайды
Еуроодақ билігі уақытынан бұрын өтетін сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресейге қарсы экономикалық санкияларды ұзарту туралы шешім қабылдайды. Шара жоспарланғандай 25-26 маусымда емес, 22 маусымда өтеді. Олар бұл сұрақ талқыланусыз, бірден шешіледі деп сенеді. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Бірнеше дипломаттарға дереккөз ретінде сілтеме жазған The Wall Street Journal-дың жазуынша, Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінің кеңесінде шешілуі тиісті Ресейге қарсы санкциялар мәселесі қосымша талқылануды қажет етпейтін, A-items деп аталатын техникалық сұрақтар тобына жатқызылған.
Басылымның мәліметінше, келесі аптада ЕО елдерінің елшілері шешім қабылдау және оны министрлермен талқылау механизмдерін қарастыралы. Егер бір ел қосымша талқылауды қажет етсе СІМ басшылары дискуссия ұйымдастыруы тиіс болады.
WSJ-ның атап өтуінше, ЕО-ның санкциялар бойынша уақытынан бұрын шешім қабылдауына екі себеп бар. Біріншіден, саммитке дайындалып жатқан шенеуніктер күн тәртібіндегі мәселелерді қысқартқысы келеді. Шараға қатысушылар ресейлік санкциялардан бөлек миграциялық саясат, грекиялық дағдарыс, Ұлыбританияның Брюссельден тәуелділігін азайтуы тәрізді сұрақтарды қарауы қажет.
Екіншіден, A-item тобындағы санкция туралы шешім қабылдау оның саяси емес техникалық сипатта екендігін көрсетеді. Осы арқылы антиресейлік шектеулерге қарсы шығып отырған елдердің әрекеттерін ақтауға болады.
WSJ-тың жазуынша, Грекия еуропалық несие берушілермен келіссөздер кезінде қосымша күш ретінде санкциялар туралы мәселені қайта көтеруі мүмкін. Бірақ көптеген дипломаттардың мәліметінше, әзірге, Афина тарапынан мұндай қадам байқалмайды.