Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерболат Досаев ҚДБ директорлар кеңесінің төрағасы болды

Ерболат Досаев ҚДБ директорлар кеңесінің төрағасы болды

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылдың 20 мамырынан бастап банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл жөнінде KASE хабарлайды.

Сонымен бірге 2016 жылдың 18 мамырынан бастап директорлар кеңесі мүшелері Қуандық Бішімбаев пен Сержан Мадиев мерзімімен бұрын қызметтен босатылды. Өзгеріс енгеннен кейінгі директорлар кеңесінің құрамы мынадай: Ерболат Досаев – директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев – директорлар кеңесінің мүшесі Ерсайын Хамитов – директорлар кеңесінің мүшесі, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің өкілі Жанат Алиманов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Марсия Элизабет Кристиан Фавале – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Похожие материалы