Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады

Ердоған Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Елде жеті күндік аза тұту жарияланды. 12 ақпан күн батқанға дейін бүкіл елде және шетелдік өкілдіктерде Түркия туы төмен түсіріледі», – деп жазды Ердоған телеграм-каналында.

Айта кетейік, дүйсенбі таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі. Соңғы мәліметтер бойынша, 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған.

Сонымен қатар Сирияда да жер сілкінісі болып, 700-ден астам адам қаза тауып, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті.

Похожие материалы