Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ericsson компаниясы Apple-мен соттасып жатыр

Ericsson компаниясы Apple-мен соттасып жатыр

Планшеттер мен ұялы телефондарда пайдаланылатын ұялы коммуникациялардың технологияларына қатысты Ericsson патенттерінің бұзылуына байланысты сымсыз желілерге арналған жабдықтың дүниежүзілік ірі өндірушісі швециялық Ericsson AB компаниясы еуропалық үш елдің сотына Apple Inc. компаниясына қарсы арыздарын бағыттады.

Компания хабарламасында жазылғандай, Ericsson Германия, Ұлыбритания және Нидерланд корольдігінің соттарына жүгінген. Осы жылдың ақпан айында Ericsson компанияның 41 патентіне қатысты құқықтардың бұзылуына байланысты АҚШ-та Apple-ге қарсы бірқатар арыз-шағымдарын берген еді. Ericsson компаниясының деректері бойынша осы патенттер бірақатар Apple құрылғыларының құрылуында маңызды роль атқарған. Apple қаңтардың ортасына дейін Ericsson компаниясына роялти төлеп отырды, содан соң лицензиялық келісім мерзімі аяқталған болатын. Бұдан кейін Apple Ericsson-мен ерікті лицензиялық келісім жасаудан және осындай келісімнің әділеттілігін анықтау үшін мәселені сотқа беру ұсынысынан бас тартты. "Біз ұсынып отырған технологиялар үшін барлық ұйымдар лицензия алуы тиіс. Бұл өте күрделі мәселе, және қандай компания туралы сөз қозғалып жатқаны маңызды емес", - деп мәлімдеді Ericsson компаниясының интеллектуалды меншік жөніндегі бас директоры Касим Әлфалахи. Қаңтар айында Apple және Ericsson компаниялары бір-біріне жылдамдығы жоғары сымсыз технологияларды пайдалануға байланысты арыздарды бағыттаған болатын.

Похожие материалы