Еуропалықтар өздерін жақсы сыйлықтармен қуантады, оның ішінде еркектер әйелдерге қарағанда өздеріне сыйлықты көп жасайды. Бұндай қорытынды MasterCard саулнамасының нәтижесінде пайда болды.
Өздерінің көңілдерін көтеру үшін өткен жылы өздеріне кішігірім сыйлық жасаған респонденттер саны 42%-ды құрады, ал 2013 жылы олардың саны 33% болған еді.
Оған қоса, еркектер мұндай шопингке әйелдерге қарағанда көбірек қаржы жұмсайды. 5 еркектің біреуі(18%) 100 евродан асатын ақшаға өздеріне «кішкентай қуаныш» сыйлайды, ал 10 әйелдің біреуі (8%) ғана мұндай қадамға барады.
MasterCard екінші рет MasterCard Treat Index тұтынушылық әдеттердің зерттеуін жариялап отыр. Сауалнама өткен жылдың қазан айында 17 елде (Австрия, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Ресей, Испания, Швеция, Швейцария, Түркия, Ұлыбритания, Чехия, Грекия, Венгрия и Румыния) жасы 18-ге толған 15,1 мың банк картасы иелерінің арасында жүргізілген.
Еркектер сыйлыққа көп ақша жұмсағанына қарамастан, көңіл күйін шопингпен көтеру шын мәнінде әйелдерге қажет. Сұралғандардың жартысынан көбі (51%) сыйлықты сергу үшін алса, 3 еркектің біреуі(33%) ғана рухын көтеру үшін алатынын айтқан. Қыз-келіншектер саудада көп қаржы жұмсамаса да, алған әрбір сыйлықтан ләззат ала алады.
Түркияда өз көңіл-күйлерін сыйлық сатып алып көтеретін әйелдер мен ерлердің (67% және 51%) орташа деңгейі өзге елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Жалпы алғанда Түркия халқының 71% тұрғыны өзін айына бір рет сыйлықпен қуантып қойса, бұл рейтингтегі ең төменгі деңгей чехтардың еншісінде екен (27%).
Еуропалықтар өздеріне ақша жұмсағаннан кейін уақыт өте келе өздерін кінәлі сезінбейді, мұны сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі мойындады(58%).
Швеция тұрғындарын өзгелерге қарағанда ұят қысып, мазаланады(бұл турады 26% әйел және 16% еркек айтқан). Соған қарамастан швед еркектері сүйікті заттары үшін 100 евродан астам ақша жұмсайды, ал әйелдердің 5% ғана осылай жасайды. Түркия мен Ресейдің тұрғындары өз кәніларын аз сезінеді, сәйкесінше 8% және 9%.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, еркектер сыйлықты әйелдер сияқты көп алмайды, олардың ішінде айына бір реттен көп сыйлық жасайтындардың 18% еркек және 17% әйел. Ерлердің міндетті емес нәрселерге ақша жұмсауы әйелдерден кем емес, есесіне олар қымбат сыйлықпен ғана рахаттана алады: Ер адамдардың 24%-ы (13% - әйелдер) өз қаржыларын, мысалы, демалысқа, көңіл көтеруге немесе гаджеттерге жұмсайды. Әйелдер болса, өздеріне көңіл бөлу, журналдар немесе тәттілер алуға ғана ақша шығарады.
Гректер (45%) өзге еуропалықтарға қарағанда демалысқа жиі барғанды ұнатады. Румыния әйелдері (57%) өзгелерге қарағанда сыйлық үшін косметика сатып алуды жөн көреді.
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, ерлер өздеріне жағымды әсер қалдыратын дүниелерге ақша көбірек жұмсайды. 18% ерлер демалыс күндері өздерін еркелету үшін бәрін жасаса, әйелдердің 13% ғана осылай істеуге дайын. Әйелдер ерлер сияқты көп шығындарға әуестенбейді, олар үшін күнделікті өмірге ерекшелік сыйлайтын аз шығынды зат алса ғана болғаны.
Зерттеу нәтижесі бойынша, ресейліктер өздерін аяқ киім, сырт киім немесе сөмке алу арқылы еркелетеді(48%). Ең танымал екінші жауап, ол - шоколад, кәмпит немесе тәтті тоқаштар(32%) сатып алу,соңғысы театрға немесе спорттық шараларға бару. Орташа алғанда ресейліктер ұсақ заттарға 1000-2500 рубль көлемінде ақша жұмсайды.
Әйелдер ерлерге қарағанда қажет емес, бірақ жағымды сауда жасайды: 30%-ы айына бір рет осындай шопинг жасап тұрады(ерлер арасында - 19%).
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024