Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерлан Қарин референдумда отбасымен бірге дауыс берді

Ерлан Қарин референдумда отбасымен бірге дауыс берді

Нұр-Сұлтан. 5 маусым. 7kun.kz - Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин әйелі, қызымен бірге Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

"Мен өз таңдауымды жасадым. 1995 жылы өткен референдумға қатыстым. Ол кезде студент едім. Бастамашыл топтың құрамында халыққа Конституцияның маңыздылығын түсіндірдік. Бүгін мен сайлау учаскесіне әйелім мен қызыммен келдім. Өкінішке орай, басқа балаларым әлі 18-ге толмаған. Олар үйде қалды. Әрине, үйде, дастархан басында референдум идеясын, басталып жатқан өзгерістерді талқыладық", деді ол журналистерге.

Оның айтуынша, әсіресе, балаларымен Конституцияға енгізілген өзгерістерді талқылау қуаныш сыйлайды.

"Бүгінде жастар, өз балаларымның мысалында, олардың елімізде болып жатқан үдерістерге белсенді қызығушылықпен қарайтынын түсінемін. Қазіргі референдумның ерекшелігі – жастардың үлкен қызығушылық танытуында деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл қазіргі референдумның ең позитивті сәттерінің бірі», - деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы қазіргі референдум мен 27 жыл бұрын өткен референдум арасын да салыстырып өтті.

«Ол кезде де, қазір де – осы сәттің маңыздылығын сезіну, біздің елімізде жаңа, маңызды, айтулы кезеңге аяқ басып жатқанымызды сезіну. Менің ойымша, сол кезде де, қазір де азаматтар жағдайдың маңыздылығын бірдей түсінді. Бүгінгі референдум қоғамдағы елде болып жатқан үдерістерге қатысты пікірдің қаншалықты объективті екенін көрсетеді деп ойлаймын. Бұл еліміздің даму болашағы туралы ортақ түсінік», - деді ол.

Похожие материалы