Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Ермек Құдабаев «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта белгілі болды.
Директорлар кеңесі 2018 жылдың 24 тамызында Ермек Құдабаевты директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.
Акционерлік қоғамның құрамына Ибрагим Тағашев, Биалек Януш, Доминик Фаш, Жанна Егімбаева, Сүйіншілік Тиесов, Бақытжан Қажиев, Ермек Құдабаев кірді.
Ермек Құдабаев Әскербекұлы 1970 жылы 7 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Ол 1993 жылы Москва Болат және Қорытпа институтының экономика факультетін аяқтады. 1996 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтында MBA дәрежесін алды. 2004 жылы бухгалтерия және аудит жөніндегі халықаралық сертификаттау жүйесі бойынша сертификатталған бухгалтер және қаржыгер дәрежесін (АССА, Лондон, Ұлыбритания) алды.
Құдабаевтың халықаралық аудиторлық компанияларда, сондай-ақ мұнай-химия салаларында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024