
Астана. 22 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрлігінде кадрлық өзгерістер болды. Вице-министрі болып Ернар Бакенов тағайындалды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Ернар Бакенов бұған дейін ҚР ҰЭМ халықаралық экономика интеграциясы департаментінің директоры қызметін атқарып келген еді.
2008-2012 жылдары Сауда саясатын дамыту орталығы, бас сарапшы, сыртқы сауданы сараптау департаменті төрағасының орынбасары.
1997-2007 жылдары ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі, кеден комитеті кедендік тіркеудің бақылау бөлімінің жетекші, одан кейін бас инспекторы қызметін атқарған.