
Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz - Ертең, 16 ақпанда Н.Назарбаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде кеңес өтеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Сайттың хабарлауынша Мемлекет басшысы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарға да барады деп жоспарланып отыр.