Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
2001 ж. қараша айынан 2006 ж. шілде айына дейін Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы
лауазымына дейін қызмет атқарған.
2006 ж. шілде айынан 2007 ж. сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық
қызмет секторының меңгерушісі.
2007 ж. мамыр айынан 2010 ж. қараша айына дейін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы.
2011 ж. мамыр айынан 2014 ж. ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры.
2015 ж. қаңтар айынан 2017 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2017 ж. ақпан айынан 2021 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры.
2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болған еді. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап атқарды
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024