Ескерту: Алаяқтар банк карталарынан ақша ұрлаудың жаңа əдісін ойлап тапты
Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz - Алаяқтар әлеуметтік инженерия деп аталатын - классикалық алдау арқылы банк карталарынан ақша ұрлаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Бұл туралы tengribank.kz хабарлады.
Алаяқтардың нысаны әр түрлі интернет-ресурстарында тауарларын сататын адамдар болып саналады. «Сатып алушы» сатушымен хабарласады да, тауар үшін ақшаны сатушының банктік картасына бірден аударуды ұсынады. Ол тез, әрі ыңғайлы деп көндіреді.
Алаяқ кредит картасының нөмірінен басқа «пластиктің» артқы жағында көрсетілген CVV-кодты қосымша айтуды сұрайды. Оның транзакция сәтті өту үшін қажет екенін айтады. Оны айтып берген сатушы қаражатынан айырылады. Егер зардап шегуші қылмыскерлерге CVV кодын берген болса, олар ақшаны сәтті шығарып алуға қажетті басқа да ақпаратты анықтап алады.
Мысалы, карта иесінің телефонына келетін бір реттік құпиясөздерді. Қаскүнемдердің мақсаты – шот иесінің картасы бойынша CVV/CVC-кодты тексеруді ажырату арқылы оның ақшасын алаяқтың картасына (соның ішінде банкомат арқылы) аударуды жүзеге асыру үшін төлем картасының деректемелерін анықтау.
Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшылар жаңадан шыққан алаяқтық үлгі әлі де ай бойы өзекті болатынына сенімді. Одан бөлек, қаскүнемдер ақша ұрлаудың жаңа үлгілерін ойлап табатын болады деп ескертеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024