Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - ҚР Энергетика министрлігі 2017 жылдың соңына дейін тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдауға қосымша 12 мың квота бөлді. Бұл туралы ӨКМ операторының баспасөз қызметі хабарлады
Баспасөздің мәліметінше, 26 тамыздан бастап "ӨКМ Операторы" ЖШС Қазақстан бойынша ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру бағдарламасы қайта жалғасады.
Қазіргі уақытта құнын өтеу бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторы (15.08.2017 ж. мәлімет бойынша) 27 мың 665 ескі көлік қабылдап, көлік иелеріне 4 млрд 146 млн 78 мың теңге қаражат аударды.
Сонымен қатар, ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін Бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. 2017 жылдың 26 маусым қолға алынған жоба аясында, бүгінгі күнге дейін ӨКМ Операторы 1 мың 116 жеңілдік сертификатын берді. Табысталған сертификаттың 417-і отандық өндірушіден 245 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылған.
Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР энергетика Министрлігі тиісті квота қарастырды:
М1 санаты (жеңіл автокөлік) бойынша - 20 мың ескі көлік;
M2, N1, N2 санаты (жолаушылар және жүк көлігі) бойынша - 1836 мың ескі көлік;
M3, N3 жолаушылар (5 тоннадан жоғары) және жүк көлігі (12 тоннадан жоғары) - 1164 мың ескі көлік.
Еске салсақ, "ӨКМ Операторы" ЖШС 2017 жылға бөлінген квотаны мерзімінен бұрын игергендігін және де ҚР энергетика Министрлігіне қосымша квота бөлу жөнінде сұрау-хат жолдағандығын мәлімдеген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024