Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банк AQR нәтижесіне қанағаттанады

Еуразиялық банк AQR нәтижесіне қанағаттанады

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz - Еуразиялық банк бүгін нәтижесі жарияланған активтердің сапасын бағалау (AQR) нәтижелеріне қанағаттанатынын хабарлады. 

"AQR қорытындысы Еуразиялық банк акционерлерінің және басшылығының болжамдары мен тұспалдарына толық сәйкес келеді.  Банк AQR ұсыныстарын ескере отырып, бизнес-стратегияны іске асыру және кредит қоржынының сапасын одан әрі жақсарту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырады", делінген банктің хабарламасында.

AQR нәтижелері бойынша Ұлттық банк Еуразиялық банкті қолдау шаралары туралы жариялады, оның нәтижесінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі 8-10% құрайды, бұл барлық реттеуші талаптарға сәйкес келеді.

"Еуразиялық банк Қазақстанның банк жүйесін нығайтуға бағытталған Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің әрекеттерін толық қолдайды.  AQR-ды халықаралық, неғұрлым қатаң стандарттар бойынша өткізу банк жүйесін, соның ішінде біздің банктің, еліміздің азаматтары, серіктестер мен инвесторлар алдында барынша ашықтығын қамтамасыз етеді", - деді банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

Қаржы институтының хабарлауынша 2019 жылы банк өнімдерінің алуан түрлілігін 28%-ға дамыту есебінен маржиналдықты  6,13%-дан 7,58%-ға дейін ұлғайтқан.  Операциялық пайда 51%-ға өсіп, 59 миллиард теңгені құрады.  2019 жылдың соңына банк балансындағы жоғары өтімді активтердің үлесі 32%-ды құрады.  Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті Ұлттық банктің барлық нормативтеріне сәйкес келеді және 26,2%-ды құрайды*.  Moody’s агенттігінің рейтингі – B2, болжамы "тұрақты".

Похожие материалы