Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне алты заңды тұлғаның және үш жеке тұлғаның 13 – 16 желтоқсан аралығында берген шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың 2018 жылғы 26 қарашадағы «Астана Банкі» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің «Астана Банкі» АҚ-дағы салымдарын, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшасын ала алады. Өтемақы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) ақшалай қаражатынан жинақталған сыйақыны есептегенде банктік шоттағы немесе төлем карточкасындағы салым, ақша қалдығының сомасы шегінде төленеді.
Агент банк болып «Еуразиялық банк» АҚ бекітілді. ҚДКҚ «Астана Банкі» АҚ-ның барлық 275 мың салымшысына төлем жасау үшін агент банкке 37,5 миллиард теңге мөлшерінде қаражат береді.
«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемақы төлеу «Еуразиялық банк» АҚ-ның елдегі барлық 17 филиалы мен 126 бөлімшесінде 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап 26 шілдеге дейінгі алты ай ішінде жүргізілетін болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024