ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0. Еуразияның инновациялық экожүйесі» форумына үкімет басшыларымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің ІТ, технология қауымдастығының өкілдері, барлығы 800-ге жуық қонақ қатысты.
Олардың арасында БҰҰ цифрлық үкіметінің басшысы Винченцо Акуаро, Big Innovation Centre бас директоры Бриджит Андерсон, Zero One Booster президенті, тең құрылтайшысы Джордж Года, Rockstarz Asia бас директоры, Astana Hub кеңесшісі Джозеф Циглер, цифрлық экономиканы трансформациялау жөніндегі кеңесші, Малайзия цифрлық экономика корпорациясының бұрынғы бас директоры Ясмин Махмуд, Ресейдегі және ТМД-дағы IDC вице-президенті Роберт Фариш, Tlabs бас директоры, Singularity University экономика және қаржы факультетінің деканы Амин Туфани, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы — IoT және Дүниежүзілік экономикалық форумның құрама құрылыстарының басшысы Джефф Мерритт сынды беделді мамандар бар.
Яғни, форумда цифрландыру бойынша ұсыныс жасап, шешім қабылдайтындар мен қызмет көрсетушілер бас қосты. Мақсат - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің экономикасына цифрландыруды белсене енгізу, мәселелерді талқылау, шешу, тәжірибе алмасу. Өйткені цифрландыру әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып, бизнес пен экономиканың басқа салаларына дамуға мүмкіндік береді. Ал экономикалық одаққа мүше болғандықтан, бұл бағытта тең әрекет керек. Бес мемлекеттің бірі цифрландырудан кеш қалып, экономикасы әлсіз болса, басқаларға кедергі.
Сондықтан форумдағы пленарлық сессияның бірі Үкімет басшыларының қатысуымен өтті.
Қазақстанда биыл мемлекеттік қызметтің 80% электронды үкімет порталы арқылы ұсынады
Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша мемлекеттік қызметтердің 60% электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады, биыл аталған көрсеткішті 80% жеткізу міндеті тұр. Бұған қоса eGov-тан mGov-қа көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сағынтаев арнайы тоқталған жобаның бірі - Astana Hub халықаралық технологиялық паркі.
Бүгінгі таңда Hub 100% толған. Бұған қарамастан инновациялық саланың мықты ойыншыларын одан әрі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Astana Hub қатысушылары үшін таланттардың басын қосып, бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық қажетті жағдайлар жасалған: жеңілдетілген виза және еңбек режимдері, арендалық тұрғын үй беру, гранттық қаржыландыру құралдары.
Бұған қоса, цифрландыруды жүзеге асыру қарқынды болуы үшін Қазақстанның білім беру жүйесінде бірқатар реформалар жүргізілген. Мәселен, Астанада мамандандырылған ІТ университет ашу көзделген, оның жұмысы Astana Hub қызметімен тікелей байланысты болады.
Қазақстанда цифрландыру күн тәртібіндегі басты тақырып
Бұған дәлел Алматыда соңғы екі күнде үш маңызды жиын өткенін айта кетеу керек. Форум алдында 31 қаңтар күні «Инновациялық экожүйедегі цифрландыру» тақырыбындағы халықаралық сараптамалық кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында әлемдік деңгейдегі мамандар Қазақстандағы цифрландыру қарқынын жоғары бағалады.
Сондай-ақ, 31 қаңтар күні ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та Түркі Кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологияларына жауапты министрлердің үшінші отырысы барысында цифрландырудың өзектілігін айтып, Қазақстан тарапынан жүзеге асырылған жұмыстарды баяндады.
[su_quote]«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қолға алды. Бағдарлама жоғарғы технологияларды енгізе отырып əлеуметтік-экономикалық саланы қолдауға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру үшін мүмкіндік баршылық. Тəуелсіздік жылдары елде заман талабына сай ақпараттық коммуникациялық технологиялар ландшафты қалыптасты. Соңғы 10 жылда интернет желісін пайдаланушылардың саны 8 пайыздан 76 пайызға артты. Электронды Үкімет жүйесі қарқынды дамып келеді. Осы жүйе бойынша 30 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ірі жəне шағын қалалар 4 G байланысымен қамтылған. Ауылды жерлерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып жатыр», - деді Абаев.[/su_quote]
Ресейде цифрландыруға 2 трлн жуық рубль бөледі
Алматыдағы форумды «цифрлық Давосқа» айналдыруға ұсыныс жасаған Дмитрий Медведевтің айтуынша Ресей алдағы бес жылда цифрландыруға 1,8 триллион рубль бөледі. Оның бір бөлігі федералдық, бір бөлігі жергілікті бюджеттен берілмек.
«Біздің елде цифрландыру бағдарламасы ұлттық үлгі болып табылады. «Нөлден» бастап инновациялық жүйе қалыптастыру тәжірибеміз бар, біздің экономиканың ауқымы мен әртүрлілігін ескерсек біздің тәжірибе ЕАЭО мүше серіктестерімізге де пайдалы болуы мүмкін», - деді ол.
Ол сонымен қатар 2015 жылы іске қосылған Ұлттық технологиялық бастама, «Сколково» қоры туралы да айтып өтті.
«Біздің еуразиялық бестікке мүше елдер үшін өте жылдам уақытта күн тәртібіне (цифрландыруға) қосылу принципті. Шынымен де төртінші өнеркәсіптік революцияны өткерудеміз. Цифрландыру саласындағы мүмкіндіктер өте қарқынды ұлғаюда. Атап айтқанда жасанды интеллект, мобильдік көлік құралдары, кванттық компьютерлер саласында. Бұл әлемдік күн тәртібіндегі мәселенің бір бөлігі», - деді Ресейдің үкімет басшысы.
Беларусь бағдарламалық шешімді экспорттауда ірі елдердің алдына шықты
Беларусь та цифрлық экономиканы дамыту, цифрлық экожүйе қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде токендер мен блокчейн технологияларын қолдану заңмен реттелген. ТМД-дағы бірінші криптобиржа іске қосылған. Румас цифрландырудың негізі орталығы ретінде Жоғары технологиялар паркіне үміт артып отырғанын жеткізді.
[su_quote]«2017 жылы тек қана Жоғары технологиялар паркі резиденттерінің экспорт көлемі миллиард доллардан асты. 2018 жылы парктің экспорттық өсімі 30% құрайды. Нәтижесінде бағдарламалық шешімді экспорттаудан жан басына шаққандағы үлеспен алсақ Беларусь АҚШ, Қытай, Индиядан да алда», - деді Беларусь Министрлер кеңесінің төрағасы Сергей Румас.[/su_quote]
Арменияда инженерлік қалалар салынады
Арманияның вице-премьері Мгер Григоряннің айтуынша елді ІТ шешімді әлемдік нарыққа экспортаушыға айналдыруы үшін инженерлік қалалар салуды жоспарлауда.
[su_quote] «Біз бұл бағытта алға жылжудамыз. Инженерлік қала – бұл шынайы жоба, біз жобаны бекітіп, қаржы бөлдік. Бұл мықты зертханалық мүмкіндіктері бар өте мықты «экожүйе» болады. Ол әрине ЕАЭО үшін ашық болады», - деді Григорян. [/su_quote]
Қырғызстанда бес жылдық «Цифрлы Қырғызстан» концепциясы бектілген
Қырғызстан биыл барлық мектептерді интернетке қосуды аяқтауды жоспарлайды. Елдің премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевтің айтуынша елде бес жылдық бағдарлама бекітілген.
[su_quote]«Қырғызстан бес жылдық «Цифрлы Қырғызстан» концепциясын бекітті. Бұл технологиялық стартаптарды дамыту мен жаңа ақпараттық технологияларды игеруге бағытталған. Бұл концепция мемлекеттік қызметтерді толықтай цифрландырып, тұрғындардың цифрлық машығын көтеруге ықпал етеді», – деді Абылгазиев.[/su_quote]
Форум барысында «ЕАЭО цифрлық күн тәртібі», «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі цифрландыру (БҰҰ)», «Инновациялық экожүйедегі цифрландыру», «Индустрия 4.0 – инновациялық экожүйе тұтынушысы», «Шағын және орта бизнесті цифрландыру» тақырыптарындағы панельдік сессиялар өтті.
Форум соңында Astana Hub (Қазақстан), «Сколково» (Ресей), «Кәсіпорындар инкубаторы» (Армения), «Жоғары технологиялар паркі» (Қырғызстан) технопарктері цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024