Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді Еуразиялық банктен алтын құймаларын сатып алуға болады

Енді Еуразиялық банктен алтын құймаларын сатып алуға болады

Алматы. 2 маусым. 7kun.kz - "Еуразиялық банк" АҚ халыққа тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Еуразиялық банктен алтын құймаларын Астана, Алматы, Өскемен және Атыраудан сатып ала аласыз.

Бағдарламаға қатысатын алтын құймалары Қазақстан теңге сарайымен жасалған және төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Әр құйма механикалық зақымданудан аулақ болуға көмектесетін арнайы қаптамаға салынған. Құймаларда және қаптамада қорғаныш элементтер бар және олар актив сапасының сертификаты болып табылады.

"Ұлттық Банк бағдарламасы - еліміздің қаржы секторының болашақ дамуына және халыққа көрсетіліп жүрген қаржы қызметтерінің алуан түрлілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Нарықтың қазіргі конъюктурасын және сарапшылар қауымы тарапының алтын бағасының өсуіне болжалдарын  ескерсек, реттеуіштің бастамасы өте уақытылы екенін байқаймыз. Алтынға қаржы салу - жинақтарыңызды валюталық бағамдардың ауытқуларынан және құнсызданудан сақтаудың сенімді әдісі болғанымен қатар, ұзақ мерзімді келешекте ол аса жоғарғы табыс алу құралы да бола алады. Бір қуантарлығы, ол осы қорғаныш активке қаржы салу енді жеке қаражат салушыларға да қолжетімді болғаны,- деп айқындады "Еуразиялық банк" АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.

Еске салсақ, бұған дейін тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылғандығын хабарлағанбыз.

Похожие материалы