Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банктің жаңа төрағасы кім?

Еуразиялық банктің жаңа төрағасы кім?

Павел Вячеславович Логинов 1971 жылы 10 наурызда Мәскеу қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Мәскеу авиация институтының экономика факультетін, 2002 жылы РФ үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

Қаржы саласындағы еңбек жолын «Российский Кредит» банкінде қымбат бағалы  тастар мен металлдарды сатуды үйлестіру жұмысынан бастаған. Сондай-ақ, «РК-Золото» компаниясында бас директордың орынбасары болған.

1998 жылы Логинов кейін Росбанк болып өзгерген ОНЭКСИМ Банкке ауысады.

2001 жылы П.Логинов Росбанктің вице-президенті, 2003 жылы аға вице-президенті болып тағайындалды. 2004 жылы Росбанк «Общество взаимного кредита» (ОВК) тобын сатып алған соң, банкте Орталық аймақтық басқарманың директоры қызметін атқарды. 2008 жылы Росбанк  франциялық Societe Generale тобына сатылғаннан кейін Логинов Металлургиялық коммерциялық банктің басқарма төрағасы болып тағайындалады. Аталған банктің басты бағыты - автонесиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендіру болды.

2016 жылдың 5 желтоқсанында қазақстандық Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Павел Логинов отбасылы, екі баласы бар. Хоккей, үлкен теннис, автоспортпен әуестенеді. 2006 жылы ралли-рейд бойынша Ресей кубогын жеңіп алған. Спорт шебері. «Дакар»(Т3 санатында қола жүлдегер), «Жібек жолы» (2013 жылы «супер продакшн дизель» санатында жеңімпаз), OiLibya of Morocco раллиіне қатысқан.

Деректер Ресейлік сайттардан алынды

Похожие материалы