Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың 24 мамырында «Қазақстан қор биржасы» (KASE) АҚ сауда жүйесіне ЕАДБ алғаш рет үш жылдық облигацияларын шығарды. Облигациялардың жалпы сомасы 15 млрд теңге.
Бұл ЕАДБ-нің Қазақстанның құнды қағаздар нарығына соңғы үш жылда шығарған алғашқы облигациясы. Эмитенттің статусы мен жоғары кредиттік рейтингін есепке алсақ, облигациялар институционалды инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық туғызды.
Аукцион барысында саудаға қатысушылардың өтініш көлемі 44,4 млрд теңге болып, ұсыныстан үш есе асып түскен.
Алайда, банк инвесторлар тарапынан түскен сұраныстардың барлығын қанағаттандырмады. Себебі шығарылымның тек бір бөлігіне ғана салымшы тарту жоспарланған.
Сауда нәтижесінде кіріс жылына 10,1 пайызды құрады.
Саудаға қатысушы инвесторлар құрамында брокерлік компаниялар, Қазақстанның ірі банктері және бірқатар сақтандыру нарығының қатысушылары да бар.
Арнайы сауда кезінде 6 қатысушыдан барлығы 16 өтініш түскен.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024