Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еурокомиссия Украинаға 1,8 млрд доллар бөледі

Еурокомиссия Украинаға 1,8 млрд доллар бөледі

Ригада өткен "Шығыс серіктестік" саммиті барысында Еурокомиссия Украинаға 1,8 млрд еуро көлеміндегі қаржылай көмек жіберетін келісімге қол қойылды. РБК-Украина хабарлауынша, төлем әрқайсысы 600 млн болатын үш транш түрінде беріледі.

Олардың біріншісін Киев 2015 жылдың маусымында алады. "Бұл көмек ЕО-ның реформа жүргізудегі мүмкіндігіне сенетіндігін көрсетеді", - деді Украина қаржы министрі Наталья Яреско құжаттарға қол қойып жатып. Ол президент пен премьердің "әр күн сайын реформалармен жұмыс істеп жатқандығын" атап өтті. Барлық көмекті алу үшін Жоғарғы Рада келісілген құжаттар пакетін заңдастырып, ХВҚ-ның директорлар кеңесі кеңейтілген қаржыландыру бағдарламасының алғашқы қорытындыларын бекітуі қажет.   Осыған дейін Украина Жоғары Радасы сыртқы қарызды төлеу бойынша үкіметке мораторий енгізуге құқық беретін заң жобаларын қабылдады. Мораторий енгізілетін қарыздар қатарында Ресейден 2013 жылдың соңында алынған еурооблигациялар да бар.  

Похожие материалы