Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында еуроны нетто-сату көлемі, "таза" сату, яғни валютаны сату минус сатып алу, айырбастау пункттері арқылы 137,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,4%-ға артық. Бұл туралы Ranking.kz сайтында хабарланды.
2019 жылдың мамыр айында ҚР айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 31,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен айға қарағанда 0,5%-ға аз, бірақ 2018 жылдың мамырымен салыстырғанда 21,4%-ға артық.
Ресми айырбас бағамы мамыр айында 1 еуро үшін орташа 425 теңгені құрады - сәуірмен салыстырғанда 0,3%-ға кем және өткен жылдың мамыр айына қарағанда 9,4%-ға артық. Бұл ретте маусым айында бағам 1 еуро үшін 431,1 теңгеге дейін өсті (айына+1,4%).
Жалпы алғанда, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында айырбастау пункттері арқылы еуроны нетто-сату көлемі ("таза" сату, яғни валютаны сату минус сатып алу) 137,2 млрд теңгені құрады.
ҚР өңірлері арасында мегаполис тұрғындары еуроға көбірек көңіл бөлді.
Жалпы, "таза" сату көлемі бойынша Алматы көш бастап тұр - 72,8 млрд теңгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда 50,4%-ға артық.
Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы: 15 млрд теңге - 2018 жылдың қаңтар-мамырына қарағанда 6,8%-ға аз. Көшбасшылардың үштігіне Шымкент кірді: 9,1 млрд теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024